«Астана Опера» Қыз Жібектің рөліне кастинг жариялайды

АСТАНА. 25 желтоқсан. ҚазАқпарат - Әлемге әйгілі режиссер Франко Драгоне «Астана Опера» театрының сахнасында қазақтың тұңғыш ұлттық «Қыз Жібек» операсын жаңа қойылымда ұсынады. Қойылым 2014 жылдың сәуір айына жоспарланған. Театр басты рөл - Қыз Жібек партиясын орындаушыға ашық кастинг жариялайды.
None
None

Кандидатқа қойылатын басты талаптар - әдемі дауыс (сопрано), әсем келбет, 18 бен 32 жас аралығындағы қазақ тілін білетін, сахна пластикасы мен актерлік шеберлікті меңгерген, музыкалық білімі болуы тиіс.
Өтінім 2014 жылдың 20 қаңтарына дейін қабылданады. Тыңдалымға алдын-ала іріктеу фото арқылы жүргізіледі. Әнші «Қыз Жібек» операсынан бірнеше ария орындауы керек. Толық ақпаратты театрдың www.astanaopera.kz сайтынан алуға болады.
Жалпы, «Қыз Жібек» операсының басты партиясын орындағандарды іріктеу барысында аса танымал емес актерлар таңдалған кездер болған, солардың бірі бүгінде белгілі және халық мойындаған ҚР халық әртісі Нұржамал Үсенбаева еді. Әншіні бұл рөлге консерваторияның соңғы курсында оқып жүрген кезінде таңдап алған.
Жоба жайлы ақпарат: Франко Драгоне өзінің қойылымдарға деген бірегей көзқарасымен танымал, әлемдік аренада эксклюзивті музыкалық жобалардың режиссері ретінде сұранысқа ие. Ағымдағы жылдың желтоқсан айында «Сан-Карло» театрында Драгоне қойған «Аида» операсының тұсауы кесіліп, әлемдегі жетекші театрлардың үлкен қызығушылығын тудырған еді. Тұсаукесерден кейін режиссерға бірқатар ұсыныстар түсті, соның ішінде «Астана Опера» театрының басшылығы жасаған ұсыныс та бар.

Соңғы жаңалықтар