«Астана-Павлодар» автожолының құрылысын жалғастыруға 28 млрд. теңге бөлінеді

Оның ішінде 28 млрд. теңге «Астана-Павлодар» автожолы құрылысын жалғастыруға бағытталады. Осы орайда ЭКСПО-2017 көрмесі қарсаңында бір бағытта екі жолақ бойынша 150 шақырым учаскеде қозғалысты ашу көзделіп отыр.
«Орталық-Оңтүстік», «Орталық-Батыс», сондай-ақ басқа да автожолдар бойынша жобаларды жүзеге асыруға 2016 жылдың соңына дейін жоспарланған 5,5 млрд. долларға дейін халықаралық қаржы ұйымдарының қарыздарын және 2,6 млрд. доллар Қытай Эксимбанкінің қарызын тарту кезінде бағамдық айырмашылық есебінен елеулі үнемдеуге қол жеткізу мүмкін болады. Осы қаржы кредиторларымен келісім бойынша 2,7 мың шақырым автожолдың құрылысы бойынша жаңа жобаларды іске асыруға бағытталады», - деді министр.
Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша тағы 27,9 млрд. теңге 2017 жылдың соңына дейін апатты және үш ауысымда оқытатын мектептерді жою үшін 2016-2017 жылдары 42 мектептің құрылысына бөлінеді. Оның ішінде 23 мектеп Оңтүстік Қазақстан, Алматы, Жамбыл, Шығыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарындағы және Астанадағы апатты мектептердің орнына және 19 мектеп Алматы, Оңтүстік Қазақстан облыстары мен Астанадағы үш ауысымдағы мектептерді болдырмау мақсатында салынады.
«Сонымен қатар 10 млрд. теңге «Жібек жолы экономикалық белдеуі» бастамасы аясында транзиттік әлеуетті кеңейтуге және транзиттік жүктерді Қытайдан Иранға, Түркіменстанға, Әзербайжанға, Түркияға және әрі қарай Еуропаға тасымалдауды қамтамасыз ету тұрғысында Құрықтағы паромды өткелдің құрылысын жалғастыруға бөлінеді», - деді Е. Досаев.
Мұнымен қоса, 10 млрд. теңге Атырау облысында арнайы экономикалық аймақтың инфрақұрылымдық нысандары құрылысын жалғастыруға бөлінбек.