«Астана-Павлодар» тас жолы жабылды

Ауа райының қолайсыздығынан «Астана-Павлодар» тас жолы жабылды. Қазір өңірде бұрқасын болып, желдің екпіні секундына 20 метрге дейін жетті.
Бұдан бұрын 10 желтоқсанда сағат 18.00-де ауа райының нашарлауына байланысты көліктің барлық түрі үшін республикалық маңызы бар «Астана-Петропавл» жолы жабылған.
Ал бүгін 13-40-тан бастап ауа райының нашарлауына байланысты (қатты боран) көліктің барлық түрі үшін «Астана-Павлодар» республикалық маңызы бар жол учаскесінде қозғалыс шектелді.
Ақмола облысында 10 желтоқсанда сағат 12-30-де ауа райының нашарлауына байланысты (күшті жел, қар, жолдың дұрыс көрінбеуі) «Қостанай-Әулиекөл-Сұрған» (232-260 шақырым), «Жезқазған-Петропавл» (377-595 шақырым) учаскесінде жол жабылды. 18-00-ден бастап «Астана-Петропавл» (18-230 шақырым, Астана қ.- Щучинск қаласы) тас жолында көліктің барлық түрі үшін жол жабылды.
Бүгін 13-45-тен бастап ауа райының нашарлауына байланысты (күшті жел, қар, жолдың дұрыс көрінбеуі) "Астана - Ерейментау-Шідерті" (16-205 шақырым. Астана - Ерейментау) учаскесінде көліктің барлық түріне жол жабылды.