Астана-Павлодар тас жолының жобалық жұмыстары аяқталуда

АСТАНА. 4 қазан. ҚазАқпарат - Астана-Павлодар тас жолын салудың жобалық жұмыстары аяқталып қалды. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында Павлодар облысының әкімі Ерлан Арын айтты.
None
None

"Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша басталған "Астана-Павлодар" тасжолы - біз үшін өте ірі жобалардың бірі. Бұл жобаны біз көптен күткен болатынбыз. Халық бұл жолға "Транссібір магистралі" деп ат қойып алды. Ол еліміздің өңірлерін Новосібір, Алтай, Омбы, Томск арқылы Ресейдің басқа ірі орталық қалаларымен байланыстыратын болады», - деді әкім.

Оның мәліметінше жолдың құрылысы келесі жылы басталып, үш жыл ішінде қолданысқа беріледі деп жоспарлануда.

Сондай -ақ әкім осы құрылыс аясында Ертіс өзені арқылы өтетін жаңа көпір салынатынын да жеткізді. "Астана -Павлодар " жолы бойынша жобалық жұмыстар аяқталуға жақын. 224 шақырымнан тұратын бірінші учаскеге көпір салу жұмыстары басталып та кетті", - деп атап өтті әкім.

Соңғы жаңалықтар