Астана - Павлодар тасжолында жүк көлігі жанып кетті

ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Астана -Павлодар тасжолында жүк көлігінің кабинасы мен мотор бөлігі толығымен отқа оранды, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.
None
None

«Екібастұз қаласының Қарасор ауылының жанында жүк көлігінің жанып жатқаны туралы хабарлама сағат 20.17-де түсті», - дейді облыстық ТЖД-нің баспасөз қызметінде.

№ 12 өрт сөндіру бөлімінен шыққан екі адам мен бір техника жалынды сағат 21.31-де сөндірді. Зардап шеккендер мен құрбандар жоқ. Бұдан басқа, кеше сағат 8.33-те Шарбақты ауданының Маралды ауылында өрт тіркелді. Железнодорожная көшесі, 24 мекенжайы бойынша тұрғын үйдің ауласында ағаш құрылымдар мен сарай, гараж жанып, төбесі опырылып құлаған. Қызыл жалын 100 шаршы метрді шарпыған. Өрттің шығу себебі мен келтірілген шығын көлемі анықталуда. Тілсіз жауды сөндіруге Хмельницкий ауылдық округінің өртке қарсы құрылымынан алты адам жұмылдырылып, өрт сөндірушілер сыртқа 27 литрлік газ баллонын алып шықты. № 25 өрт сөндіру бөлімінің алты адамы мен екі техникасы 13.30-да тілсіз жауды ауыздықтады.

Соңғы жаңалықтар