«Астана-Петропавл» автожолында бояу тиелген фура аударылып қалды

КӨКШЕТАУ. KAZINFORM – «Астана-Петропавл» автожолында бояу тиелген фура аударылып қалды. Полиция осыған қатысты іс қозғады.

«Астана-Петропавл» автожолында бояу тиелген фура аударылып қалды
Фото: Ақмола облысы ПД

Ақмола облысы ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, жол-көлік оқиғасы бүгін, 21 шілдеде болды.

«Биылғы жылдың 21 шілдесінде «Астана-Петропавл» автожолында бояу тиелген «Volvo» жүк көлігі аударылып қалды. Жол-көлік оқиғасы салдарынан зардап шеккендер жоқ. Жүргізушіге қатысты ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 610-бабы бойынша әкімшілік іс қозғалды», - деді ведомстводан.

Сонымен бірге, тәртіп сақшылары көлік жүргізушілерін жол қозғалысы ережелерін мүлтіксіз сақтауға шақырады.

Айта кетсек, бояу тиелген фураның жолдың үстінде аударылып қалғандығы туралы әлеуметтік желіде видеожазба тарады.

Еске салайық, бұдан бұрын Ақмола облысында жүк көлігі жолдың шетінде тұрған жеңіл көлікке соғылғанын жазған едік.

Соңғы жаңалықтар