«Астана» Президенттік клубы Илья Ильинге барынша қолдау көрсетеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Астана» Президенттік клубы допинг пайдаланды деп айыпталған екі дүркін Олимпиада чемпионы, ауыр атлет Илья Ильиннің құқығын қорғау үшін барынша құқықтық және моральдік қолдау көрсетеді, деп хабарланды клубтың сайтында.
None
None

«Илья Ильин - Президенттік клубтың Елшісі. Біз спортшыны қолдауға дайынбыз. Ильинге құқықтық және моральдық көмек көрсетеміз. Өкілетті орган тергеуден кейін тиісті бағасын береді», - делінген таратылған хабарламада.

«Астана» Президенттік клубы әлемдік деңгейдегі «Astana Pro Team» кәсіби велокомандасын, «Астана» футбол клубын, «Барыс» хоккей клубын, «Астана» баскетбол клубын, «Astana Motorsports» ралли-рейд бойынша командасын, «Astana Arlans» командаларын біріктіреді.

Ауыр атлетика бойынша екі дүркін Олимпиада чемпионы Илья Ильин және мәнерлеп сырғанау бойынша Олимпиада ойындарының қола жүлдегері  Денис Тен клубтың Елшісі ретінде өнер көрсетеді. 

Соңғы жаңалықтар