14:12, 29 Маусым 2016 | GMT +5
«Астана» Президенттік клубында ауыр атлетика бойынша команда құрылады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ертең, 30 маусымда, «Астана» Президенттік клубы клуб басшылығы мен елшілердің қатысуымен баспасөз мәслихатын өткізеді.

Бұл туралы клубтың Facebook-тегі парақшасынан хабарлады.
Баспасөз мәслихатында мультиклуб құрамына кіретін клубтардың жарыстарға қатысуының қорытындылары шығарылады, ауыр атлетика командасы құрылатыны айтылды. Сонымен қатар, мультиклубты дамытудың алдағы жоспарлары туралы баяндайды.