Астана саяжайында 4 адам иіс тиіп уланды, олардың арасында бір жастағы бала бар – ҚР ТЖМ

АСТАНА. 9 ақпан. ҚазАқпарат - Астанадағы саяжайда 4 адам иіс тиіп уланды, олардың арасында бір жастағы бала бар, деп хабарлайды ҚР ТЖМ-нің баспасөз қызметі.

Астана саяжайында 4 адам иіс тиіп уланды, олардың арасында бір жастағы бала бар – ҚР ТЖМ

Сәрсенбі, 8 ақпан күні Астананың Алматы ауданында қатты отынмен жанатын пештің ақауы салдарынан «Урожайное» бірлестігінің саяжайлық үйінде 4 адам: 39 және 30 жастағы әйел адамдар, 1995 жылғы бойжеткен және бір жастағы бала иіс тиіп, ауруханаға жеткізілді.