«Астана-Щучье» тас жолы жабылды

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысында желдің жылдамдығы секундына 15 метрге дейін күшеюіне байланысты «Астана-Щучье» тас жолы жабылды. 

«Астана-Щучье» тас жолы жабылды

Бұл туралы «Қазгидрометке» сілтеме жасап, аймақтық ТЖД арнайы 112 телефон нөмірі арқылы ескерту смс-хабарлама таратты, деп хабарлайды "ҚазАқпарат" ХАА тілшісі.

Сонымен қатар, «Астана-Жақсы», «Астана-Ерейментау» және «Көкшетау-Атбасар» тас жолдары да ауа райының қолайсыздығына байланысты жабылды.