Астана - Щучье жолын ақылы негізде пайдалану туралы ҚР Үкіметінің қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізілді

АСТАНА. 3 қазан. ҚазАқпарат - 2013 жылғы 1 қазандағы №1039 ҚР Үкіметінің қаулысымен «І-а санатты «Астана-Петропавл» жалпы пайдаланымдағы республикалық маңызы бар автомобиль жолының «Астана-Щучье» 18+772 км - 230+250 км учаскесін ақылы негізде пайдалану туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 30 сәуірдегі №429 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізілді.
None
None

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. «І-а санатты «Астана-Петропавл» жалпы пайдаланымдағы республикалық маңызы бар автомобиль жолының «Астана-Щучье» 18+772 км - 230+250 км учаскесін ақылы негізде пайдалану туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 30 сәуірдегі №429 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін: 1-тармақта:

1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«1) І-а санатты «Астана-Петропавл» жалпы пайдаланымдағы республикалық маңызы бар автомобиль жолының «Астана-Щучье» 18+772 км - 230+250 км учаскесі (бұдан әрі - ақылы жол (учаске) ақылы негізде пайдаланылады;»;

мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:

«1-1) баламалы жол: «РФ шекарасы (Екатеринбургке) - Алматы» республикалық маңызы бар автомобиль жолының «Астана - Атбасар» учаскесі, «Көкшетау - Атбасар» республикалық маңызы бар автомобиль жолының «Атбасар - Зеренді» учаскесі», «Щучье - Зеренді» республикалық маңызы бар автомобиль жолы арқылы жүріп өту жүзеге асырылуы мүмкін;»;

2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«2) ақылы жолдың бастапқы пункті - 18+772 км, ақылы жолдың соңғы пункті - 230+250 км;»;

3) тармақшаның бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

«3) ақылы жолдың (учаскенің) басқа автомобиль жолдарымен қиылысулар және басқа автомобиль жолдарына қосылулар тізбесі:»;

4) тармақшаның бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

«4) ақылы жолдың (учаскенің) техникалық сыныптамасы - І-а санаты, ақылы жолдың (учаскенің) негізгі параметрлері:»;

5) және 6) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

«5) ақылы жолдың (учаскенің) ұзындығы - 211 км 478 метр;

6) ақылы автомобиль жолы арқылы жүріп өту үшін төлем ставкалары осы қаулыға қосымшаға сәйкес айкындалады;»;

8) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«8) ақылы жолды (учаскені) ақылы негізде пайдалану мерзімі - 20 жыл деп белгіленсін.»;

көрсетілген қаулыға 1-қосымша осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакция­да жазылсын.

2. Осы қаулы ақылы автомобиль жолымен (учаскесімен) жүріп өту үшін төлем ставкаларының 1-тармағы кестесінің 2014 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілетін 9-бағанын, ақылы автомобиль жолымен (учаскесімен) жүріп өту үшін төлем ставкаларының 2013 жылғы 1 қазаннан бастап қолданысқа енгізілетін 2-тармағын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі С.АХМЕТОВ.

Қазақстан Республикасы Үкметінің 2013 жылғы 1 қазандағы

№1039 қаулысына қосымша

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 30 сәуірдегі

№429 қаулысына қосымша

Ақылы автомобиль жолы (учаскесі) бойынша жүріп өту үшін төлем ставкалары

1. І-а санатты «Астана-Петропавл» жалпы пайдаланымдағы республикалық маңызы бар автомобиль жолының «Астана - Щучье» 18+772 км - 230+250 км учаскесі:

теңге

Аймақтар Аудандар

2 білікті жеңіл автокөліктер 16 орынға дейінгі автобустар және жүк көтергіштігі 1 тн жоғары 2,5 тн дейін 2 білікті жүк автомобильдері 32 орынға дейінгі автобустар және жүк көтергіштігі 5,5 тн дейін 2 білікті жүк автомобильдері, 32 орыннан асатын автобустар және жүк көтергіштігі 10 тн дейін, 2 білікті автопоездар, жүк көтергіштігі 10 тн жоғары 15 тн дейінгі , 3 білікгі жүк автомобильдері, жүк көтергіш тігі 15 тн жоғары көп осьті, оның ішінде тіркелгіш және ершікті тартқыштар

Жергілікті көлік транзит

1 2 3 4 5 6 7 8 9

1. Шортанды (66 км) 30 60 310 650 950 1300 1500

2. Ақкөл(51 км) 30 50 250 500 750 1000 1250

3. Бұланды (22 км) 10 20 100 220 320 440 600

4. Еңбекшілдер (46 км) 20 50 210 460 680 920 1250

5. Бурабай (26,5 км) 10 20 130 270 400 540 600

Бір бағыттағы барлық маршрут бойынша жиыны 100 200 1000 2100 3100 4200 5200

Тіркелмеген авто-көлік құралдары 250 1200 2500 3700 5000 6200

Қаулының толық мәтіні республикалық ресми БАҚ-тарда жарияланды.

Соңғы жаңалықтар