«Астана-Щучье» жолына шыққан мас адамды көлік қағып кетті

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысында мас жаяу адам көліктің астына түсті. Бұл туралы облыстық ІІД баспасөз қызметінен хабарлады.
None
None

Полицейлердің мәліметі бойынша келеңсіз жағдай өткен түні Шортанды ауданында орын алды. Мас күйінде автомагистралды рұқсат етілмеген жерінен кесіп өтпек болған 26 жастағы ер адам көліктің астына түскен.

«Шортанды аудандық ауруханасының кезекші дәрігері 26 жастағы ер адамның мас күйінде жол апатына ұшырап,  түрлі дене жарақатымен ауруханаға түскенін хабарлаған.  Кейін белгілі болғандай «Астана-Щучье» күре жолының 46 шақырымында аталған ер адам жолдың рұқсат етілмеген жерінен екінші жақ бетіне жүгіріп өтпек болған.  Осы кезде жол бойымен келе жатқан Бурабай кентінің 42 жастағы тұрғыны тізгіндеген «Лада - Ларгус» көлігінің астына түскен. Көлік жүргізушісі сау болғандықтан оған айып тағылып отырған жоқ», деп көрсетілген хабарламада.

Айта кетейік,  маусымның 1-5 аралығында облыс аумағында жүргізіліп жатқан республикалық «Қауіпсіз жол» жедел алдын алу шарасы барысында  2028 жол қозғалысы ережесі бұзылғаны анықталды. Оның ішінде алкоголдік ішімдік ішіп, рөлге отырған 59 жүргізуші  ұсталды. 221 рет жылдамдықты шамадан тыс асырған, 492 рет қауіпсіздік белбеуін қолданбау, 12 рет жолдың қарсы бағытына шығу, 232 рет рөлде ұялы телефонды қолдану, 25 рет жаяу жүргіншіге жол бермеу оқиғасы тіркелді және 169 жаяуға айыппұл салынды.

Соңғы жаңалықтар