«Астана» шабандозы Игита «Тур Романдияда» алғашқы кезеңді үздік алтылықта аяқтады
АСТАНА. KAZINFORM — Көпкүндік Тур Романдии жарысының Мартини — Мартини бағыты бойынша өткен (171,2 км) алғашқы кезеңінде XDS Astana Team сапынан ең үздік нәтижені колумбиялық велошабандоз Серхио Игита көрсетті. Бұл туралы Sports.kz жазды.
Ол мәреге алтыншы болып жетіп, кезең жеңімпазы — Тадей Погачар («UAE Team Emirates-XRG») спортшысынан 21 секундқа қалып қойды. Екінші орынды Флориан Липовиц («Red Bull-BORA-hansgrohe»), ал үшінші орынды Ленни Мартинес («Bahrain Victorious») иеленді.
Сондай-ақ «Астана» командасы сапында үздік 20-лыққа Лоренцо Фортунато (17-орын) мен Флориан Каямини (19-орын) енді.
Кристиан Родригес — 28-орын, Марко Шреттль — 44-орын, Клеман Шампуссен — 65-орын, ал Давиде Тонеатти 73-орынға тұрақтады.
Еске сала кетейік, бұған дейін Әнел Тәшбай мен Аружан Қабдулова тректегі велоспорттан Азия чемпионатында топ жарған болатын.