02:36, 27 Тамыз 2015 | GMT +5
«Астана» тарихында тұңғыш рет чемпиондар лигасының топтық кезеңіне жолдама алды!
АСТАНА.ҚазАқпарат - Кипрде өтiп жатқан УЕФА Чемпиондар Лигасының плей-офф кезеңiндегi АПОЭЛ-Астана матчы 1:1 есебімен аяқталды. Осылайша Қазақстан футболы тарихында тұңғыш рет «Астана» Чемпиондар лигасының топтық кезеңіне жолдама алды.

Ойын аяқталар тұста елордалық команда ойыншысы Максимович гол салып, есепті теңестірді. Бұған дейін АПОЭЛ командасы (Штилич) ойынның 60-шы минутында есеп ашқан болатын. Ойын соңына таман оң қапталдан Бауыржан Жолшиевтің берген пасын Неманья Максимович алаң иелерінің қақпасына енгізіп, есепті теңестірді. Қорытынды есеп - 1:1. Астанада өткен алғашқы ойында елордалық команда қарсыласын 1:0 есебімен ұтқан болатын. Жеңіс добының авторы - Бауыржан Жолшиев. Айта кетейік, УЕФА Чемпиондар лигасының топтық кезеңінің жеребе тарту рәсімі бейсенбі күні өтеді.