Астана техникалық және кәсіби білім оқу орны дуалды жүйені енгізу тәжірибесімен алмасты

АСТАНА. ҚазАқпарат - 28 маусымда Астана қаласы Білім беру басқармасының техникалық және кәсіби білім беру бөлімі «Қаржы академиясы» колледжінде «Колледждерде дуалды оқыту жүйесін енгізу: проблемалар мен шешу жолдары» атты тақырыпта дөңгелек үстел өткізді.
None
None

Астана қаласы Білім беру басқармасының баспасөз қызметінде хабарлағандай, кездесу мақсаты Астана қаласы ТжКБ оқу орындары директорларының өндірістік жұмысы бойынша орынбасарлары арасында тәжірибе алмасты.

Дөңгелек үстел барысында Техникалық  колледж  («Токарь ісі», «Лифт шаруашылығы, эскалатортар» мамандығы),  Энергетика және байланыс колледжі   ( «Радиоэлектроника және байланыс» мамандығы),  Менеджмент және бизнес колледжі (Телекоммуникациялық жабдық және тұрмыстық техника қызметін көрсету және жөндеу» мамандығы),  Қоғамдық тамақтану және сервис колледжі  (специальность «Тамақтануды ұйымдастыру» мамандығы) дуалды оқыту жүйесін енгізу тәжірибесі ұсынылды.

Сондай-ақ шара қатысушылары дуалды  білім беру үдерісінде кездескен проблемаларды талқылады.

Соңғы жаңалықтар