Астана Тұрғын үй басқармасының бұрынғы бастығы Е.Қабылдинге қатысты қозғалған қылмыстық іс аяқталды

АСТАНА. Маусымның 17-сі. ҚазАқпарат /Жасұлан Аманбайұлы/ - Астана қаласы Тұрғын үй басқармасының бұрынғы бастығы Е.Қабылдин, «Пәтер бюросы» АҚ-ның басшысы Е.Түктібаев пен жеке кәсіпкер А.Жаныбаевқа қатысты қозғалған қылмыстық іс аяқталды.

Астана Тұрғын үй басқармасының бұрынғы бастығы Е.Қабылдинге қатысты қозғалған қылмыстық іс аяқталды
Бұл туралы бүгін апталық брифингіде Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің ресми өкілі Мұрат Жұманбай мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.Е.Қабылдинге қызмет лауазымын асыра пайдаланды және 91 млн. теңге бюджет қаражатын талан-таражға салды деген қорытынды айып тағылды. Аталған қылмысқа қатыстылығы бар болуы мүмкін «Пәтер бюросы» АҚ-ның басшысы Е.Түктібаев пен «Қарағанды Бақыт-Мұнай» ЖШС басшысы А.Жаныбаевқа да нақты айыптар тағылды. Қазіргі уақытта айыпталушы жақ іс материалдарымен танысуда.