17:05, 21 Қазан 2015 | GMT +5
Астана тұрғындары бірыңғай төлем құжатын қай жерде жүзеге асыра алады
АСТАНА. ҚазАқпарат - «АСТАНАЭНЕРГОСБЫТ» ЖШС мен «Астана-БЕО» ЖШС түбіртектерін Бірыңғай төлем құжатына (БТҚ) біріктіру үдерісі өтті.

Заманауи шоғырландырылған төлем жүйесі комиссиялық шығыстарға уақыт пен ақшаны үнемдеп, бір түбіртек арқылы барлық коммуналдық төлемдерді төлеу мүмкіндігін береді, деп хабарлады «АСТАНАЭНЕРГОСБЫТ» ЖШС баспасөз қызметі.
Бүгінде төлемдерді «АСТАНАЭНЕРГОСБЫТ» ЖШС, «Қазпочта» АҚ, «Қазақстан халық банкі» АҚ, «Цеснабанк» АҚ, «Kaspi Bank» АҚ, «Қазкоммерцбанк» АҚ, «АТФБанк» АҚ кассаларында, сондай-ақ төлем терминалдары және интернет-банкинг арқылы жүзеге асыруға болады.
«АСТАНАЭНЕРГОСБЫТ» ЖШС өз қызметтері бойынша төлем мерзімін 2015 жылғы 25-інен 31 қазанға дейін ұзартатынын қосымша хабарлаймыз.