Астана тұрғындары қоғамдық көлік бағдарының схема-картасын өздері таңдайды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Astana LRT компаниясы елорда тұрғындарына аялдамаларға ілінетін қоғамдық көлік бағдарының схема-картасын өздеріне ыңғайлы етіп таңдауды ұсынды, деп хабарланды компанияның Фейсбуктегі парақшасында.
«Біз қоғамдық көліктер бағдары схема-картасының жаңа форматын әзірлеп жатырмыз. Бұл схема-карталардың барынша халыққа қолайлы болғанын қалаймыз. Сіздердің назарларыңызға екі нұсқаны ұсынамыз. Қай ұнағанын төмендегі сілтемемен өтіп, көрсетулеріңізді сұраймыз», - делінген хабарламада.
Хабарламада көпшілікке жүргізілген сауалнама негізінде аялдамаларға ілінетін схема-карталардың ең тиімді нұсқасы таңдалатыны жазылған.