Астана ұсынып отырған G-Global моделін құру үшін адамзатта барлық қажетті білім мен тәжірибе бар
АСТАНА. 30 мамыр. ҚазАқпарат - Адамзатта G-Global моделін құру үшін барлық қажетті білім және тәжірибе бар.
Бүгін Астанадағы Бейбітшілік және келісім сарайында Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының IV Съезінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев осылай мәлім етті.
«Менің саяси тәжірибемнің нәтижесі болып табылатын өзімнің көзқарасымды айтқым келеді. Жаһандану жағдайында әлемдік экономиканы рецессиялық тежеуден тек бірлескен күш- жігермен шығаруға болатыны белгілі. Сондықтан да бір апта бұрын Астана экономикалық форумында мен жиырма бірінші ғасырда әлемдік өзара қарым- қатынастың тиімді моделін әзірлеп, жүзеге асыруды ұсындым. Мен оны G-global деп атадым», -деп тоқталды Мемлекет басшысы.
«Ұлы әлем (G-Global) - ол гүлденген жаһандық экономика. Ол дағдарыстан сенімді қорғалған, тиімді әлемдік валютасы бар, сондай-ақ сауда мен ынтымақтастықтың әділ жүйесімен қамтылған. Бұл - жоғары технологиялар адамдардың бақыты мен әл-ауқатына қызмет ететін әлем. Бұл - өңірлік және жаһандық қауіпсіздіктің мығым негіздерімен халықтар мен мемлекеттер арасындағы әділеттілік пен сенімнің әлемі. Бұл - жаппай қыру қаруынан еркін, ядролық қырып-жою қатерінен мәңгілікке босатылған біздің ғаламшар. Мен адамзатта осындай модельді құру үшін қажетті білім мен тәжірибе бар екендігіне сенемін»,-деп түйіндеді Н. Назарбаев.