17:38, 14 Қаңтар 2009 | GMT +5
«Астана» велоклубының шабандоздары Австралияда өтетін жарысқа қатыспақ
АЛМАТЫ. Қаңтардың 14-і. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - «Астана» велоклубының шабандоздары қаңтардың 18-і күні Австралияда өтетін «Cancer Council Classic» жарысына қатысады,
деп хабарлайды ҚазАқпарат аталмыш клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Оңтүстік Австралиядағы Аделайд (Adelaide) қаласында өтетін бұл бәсеке «Астана» велоклубы үшін жаңа маусымдағы алғашқы сын болмақ. Онда клуб намысын Асан Базаев, Максим Иглинский, Лэнс Армстронг, Стив Морабито, Михаэль Шор, Хосе Луис Рубьера мен Хесус Эрнандес қорғамақ. Әйгілі «Тур де Франс» көпкүндігінің 7 дүркін жеңімпазы болған Лэнс Армстронг үш жылдық үзілістен кейін биыл үлкен спортқа қайта оралып, спорттық жолын «Астана» велоклубында қайта жалғастыруда. Астаналықтар жалпы өткен маусымда 34 рет жеңіске жеткен болатын. Олар биыл да осы межеден көрінуді алдарына басты мақсат етіп қойып отыр.