«Астана» велоклубының шабандоздары «Paris-Nice» жарысына қатысады

АЛМАТЫ. Наурыздың 5-і. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - «Астана» велоклубының спортшылары наурыздың 8-15-і аралығында Франциядағы «Paris-Nice» жарысына қатысады,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. «Астаналықтарға» көпкүндік бұл байрақты бәсекеде спорт директорларынан Алэн Галлопин, Вячеслав Екимов жетекшілік жасайды. Онда клуб намысын қорғау - Альберто Контадор, Александр Дьяченко, Аймар Субельдиа, Бенджамин Новаль, Даниэль Наварро, Михаэль Шор, Сержио Паулиньо мен Ярослав Поповичке сеніп тапсырылып отыр. Қазіргі таңда «Астана» клубының есебінде 4 жеңіс бар. Оның екеуі Альберто Контадордың, екеуі Леви Лейфаймердің еншісінде. Оған олар «Tour of California» мен «Tour of Algarve» жарыстарында қол жеткізді.
Соңғы жаңалықтар