«Астана» велошабандоздары «Тур де Франс» жарысының төртінші кезеңінде жеңіске жетті

деп хабарлайды ҚазАқпарат команданың баспасөз баянына сілтеме жасап.
Монтпилье қаласында басталған кешегі жарыс жолының ұзақтығы 39 шақырымды құрады. Дегенмен, «Астана» командасының көшбасшысы Лэнс Армстронг жалпы есеп бойынша Фабио Канчеларраға есе жіберіп, жеңімпаздың кезекті «жасыл майкасынан» айырылып қалды. Лэнс Армстронг швейцарлықтан секундтың оннан бір бөлігіндей ғана қалып қойды.
Кешегі жарыста 9 велошабандоз құттықтаулар қабылдады, гүл шоқтарын және медальдар алды. Канчеллара мен Армстронг - бірдей нәтижеге қол жеткізіп отыр. Одан кейінгі үш үздік көрсеткіш те «Астана» командасының үлесіне тиесілі: Альберто Контадор көш бастағандардан 19 секунд қалып үшінші болып келсе, Андреас Клоден 23 секунд қалыспен, төртінші уақытты көрсетті, ал Леви Лейфеймер 31 секунд кейін келіп, бестікті түйіндеді. Жарыс қорытындысы бойынша «Астананың» 9 велошабандозының жетеуі үздік «жиырманың» қатарынан табылып отыр.