20:19, 21 Ақпан 2016 | GMT +5
«Астана» велошабандозы Винченцо Нибали «Оман турының» жеңімпазы атанды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін «Оман туры» велокөпкүндігі аяқталды, деп хабарлайды Sports.kz.

Финалдық кезеңде «Катюша» командасының өкілі норвег Александер Кристофф бірінші келді, екінші болып мәре сызығын «Giant-Alpecin» командасының спортшысы бельгиялық Зико Вэйтенс кесті. Үшінші орында - дат Сёрен Краг.
Винченцо Нибали 21 бірінші болып мәреге жетті. Алайда ол жалпы есепте бірінші орынын сақтап қалды.
«Оман туры». Алтыншы кезең.
The Wave Muscat - Matrah Corniche. 130.5 км
1. Александер Кристофф (Норвегия, «Катюша») - 3:01:18
2. Зико Вэйтенс (Бельгия, «Giant-Alpecin»)
3. Сёрен Краг (Дания, «Giant-Alpecin»)
21. Винченцо Нибали (Италия, «Астана»)
Жалпы есеп:
1. Винченцо Нибали (Италия, «Астана») - 2:25:25.