«Астана-Волгоград-Астана» автошеруі аяқталды

None
None
АСТАНА. 26 маусым. ҚазАқпарат - Сталинград шайқасының 70 жылдығына арналған «Астана-Волгоград-Астана» автошеруі аяқталды.

Бүгін оған қатысқан интернационалист-жауынгерлер тобы елордаға келіп, Сталинград шайқасы болған жердің капсуласын «Атамекен» мұражайына тапсырды.

Салтанатты шара барысында Республикалық ұланның сарбаздары сап түзеп, Қазақстанның Әнұранын бір деммен орындап шықты. Дауылпаздың дүрсілімен барлығы Сталинград шайқасында қаза тапқан қазақстандық жауынгерлерді бір минөт үнсіздікпен еске алды. Осыдан кейін Волгоград (бұрынғы Сталинград) жеріне барып келген делегацияның басшысы, полковник Мұхамеджан Таласов сол бір сұрапыл соғыстың иісі сіңген жердің капсуласын «Атамекен» этно-мемориалдық кешеніне салтанатты түрде табыс етті.

«Автошеру барысында біз Сталинградта жатқан қазақстандық жауынгерлердің зиратына туған жердің бір уыс топырағын жеткіздік. Ал Астанаға Сталинград шайқасында қаза болған жауынгерлердің қаны сіңген жердің капсуласын алып келдік. Біз Кеңестер Одағы ыдырағаннан бері алғашқылардың бірі болып, Сталинград жерінде жатқан жерлестеріміздің рухына тағзым жасап қайттық. Шыны керек, ресейліктер бізге дән риза болды. Олар қазақстандықтарды батыл халықтың ұрпағы ретінде таниды», - дейді Астана қаласының Қорғаныс істері департаментінің бастығы, «Астана-Волгоград-Астана» автошеруі делегациясының басшысы М.Таласов.            

Соңғы жаңалықтар
telegram