Астана жас таланттардың тұсауын кесті

АСТАНА. Шілденің 5-і. ҚазАқпарат /Дамир Байманов/ - Елордада жас таланттардың ІІ «Шаттық»  Халықаралық балалар фестивалі ашылды,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл  балалардың өзіндік «Еуровидение» байқауы іспетті өнер сайысына еліміздің барлық түпкірінен, сондай-ақ таяу және алыс шетелдерден балалар қатысуда. Дәстүр бойынша балғын конкурсанттар әншілік, би, халықтық әндерді орындау, балалар сән театры сияқты бірнеше жанрда өз өнерлерін көрсетеді.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, «Шаттық» өнерлі балаларды анықтап қана қоймай, дарынды шығармашыл  бүлдіршіндерге қолдау көрсетумен қатар, Астананың елдің мәдени орталығы ретіндегі мәртебесін нығайтуға жәрдемдесетін болады.

Соңғы жаңалықтар