Астана жергілікті сапалы ауылшаруашылық өнімдеріне мұқтаж - Нұрсұлтан Назарбаев

 КӨКШЕТАУ. 10 тамыз. ҚазАқпарат - Бүгін Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ақмола облысына жасаған жұмыс сапарының барысында Көкшетау орталығындағы Абылай хан алаңында аймақ тұрғындарымен кездесті.

Астана жергілікті сапалы ауылшаруашылық өнімдеріне мұқтаж - Нұрсұлтан Назарбаев

Атап айтқанда, Елбасымен кездесуге ардагерлер, аграршылар, дін, білім беру, денсаулық сақтау және басқа салалардың өкілдері жиналды.

Облыс тұрғындарына арнаған сөзінде Мемлекет басшысы Олимпиада ойындары, әлеуметтік жаңғырту, Ақмола облысы үшін ерекше өзекті болып табылатын тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты жаңғырту, тағы басқа мәселелерді қозғады.

Бұдан басқа, ҚР Президенті Ақмола облысының аграрлық аймақ болып табылатытын және Астана жергілікті сапалы ауылшаруашылық өнімдеріне мұқтаж екенін ерекше атап өтті.

«Енді сіздер астаналық облыссыздар, мәртебелеріңіз басқа, өнімді тұтынушы - Астана, ол дәл қастарыңызда. Оның барлық мейрамханалары, дүкендеріне сіздердің шығарған өнімдеріңіз керек, өйткені олар басқаларына қарағанда жақсы әрі арзанырақ. Сату нарығы осында, Көкшетауда бар. Бұдан басқа, Астана жақын уақытта миллион тұрғыны бар қалаға айналады», - деп атап өтті Ұлт көшбасшысы.