«Астана-Жезқазған» бағытында ұшатын рейс тоқтатылды

Елордадағы қолайсыз ауа райына байланысты IQ389 «Астана-Жезқазған» бағытында ұшатын рейс тоқтатылды, деп хабарлайды Азаматтық авиация комитетінің баспасөз қызметі. 

әуежай
Фото: Астана халықаралық әуежайы

Елордада 10 қаңтарда қолайсыз ауа райы орнады. Бүгін жауған қалың қар мен қатты жел әуе тасымалына да өз ықпалын тигізді.

Әуеайлақ қызметі 14:00–20:00 аралығында желдің жылдамдығы 22 м/с-дан 27 м/с дейін жетуі мүмкіндігі туралы хабарлама алды. Мұндай ауа райында авиациялық қауіпсіздік мақсатында авиакомпаниялардың шешімімен әуе рейстері тоқтатылуы немесе кешіктірілуі мүмкін.

Дәл қазір әуежайдың әуеайлағында қатты жел соғуда, оның жылдамдығы 11 м/с, екпіні 16м/с.

Бүгін елорда әуежайында 75 рейс жоспарланған болатын. Оның 12 рейсі (4 ұшатын, 8 ұшып келетін) ұшақтың кеш келуіне байланысты кешікті. Елордадағы қолайсыз ауа райына байланысты IQ389 Астана-Жезқазған бағытында ұшатын рейс тоқтатылды.

Әуеайлақты қалың қардан тазалау жұмыстары үздіксіз жүріп жатыр. Қазір бұл жұмыстарға 10 арнайы техника жұмылдырылған.

Рейстер туралы ақпаратты Астана халықаралық әуежайының ресми сайтынан nn-airport.kz қарауға болады. Сондай-ақ елорда әуежайында тәулік бойы байланыс орталығы 8(7172)702-999

Соңғы жаңалықтар