Астанабек, Астанадин, Астанат, Астанақұл: Елордаға орайластырып қойылған қанша есім бар

люди адамдар
Фото: Александр Павский/ Kazinform

АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстанда Астана есімді 24 адам тұрады. Мұндай есімді адамдардың басым бөлігі ерлер — 17 адам. Бұл жайында ұлттық статбюродан хабарланды. 

Мұндай есімі бар қазақстандықтарды Ақтөбе, Алматы, Жамбыл, Қарағанды, Маңғыстау, Қызылорда, Түркістан және Жетісу облыстарында, сондай-ақ Астана, Алматы, Шымкент қалаларында кездестіруге болады.

Сондай-ақ Астана атауын қамтитын өзге де есімдер бар.

Бұлар — Астанабек, Астанадин, Астанай, Астанақұл, Астанали, Астанахан, Астанат, Ерастанахан, Нұрастана, Саммидастана, Элин Астана, Ару-Астана.

Соңғы жаңалықтар