Астанада 1-сыныпқа барушылардың көптігінен 3 жаңа мектеп салынғалы жатыр

АСТАНА. ҚазАқпарат - Елорданың «Сарыарқа» ауданының әкімі оң жағалауда жаңа 4 мектептің салынатынын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат. 
None
None


«Биылғы оқу жылында Астанада бірінші сыныпқа баратын оқушылардың саны рекордтық көрсеткішке жетті - 17 мың бүлдіршін. Оның 9 мыңы біздің ауданға тиесілі. Қала аумағымен алғанда, бұл жалпы көрсеткіштің жартысынан көп. Статистиканы ескере отырып, Астана әкімі Әсет Исекешев біздің ауданда 4 мектеп салу туралы тапсырма берді. Оның біреуі осы күннің өзінде пайдалануға беріліп қойған», - деп жазды Фейсбуктегі парақшасында Арман Тұрлыбек.

Оның айтуынша, аудандағы Қарталы және Оқжетпес, Абай мен Күмісбеков, Оқжетпес пен Бөкеев көшелерінің қиылысында әрқайсысы 1200 орындық 3 мектеп салынады. Жаңа мектептерді пайдалануға беру 2018 жылға жоспарланған.

«Көкталда біз 375 орындық коррекциялық мектеп-интернатты пайдалануға бердік. Қазір жалпы «Сарыарқа» ауданында 34 мектеп бар. Қала бойынша 95 мектеп бар», - деп жазды әкім.

Еске сала кетейік, 20 ақпан күні халықпен есептік кездесу барысында Астана әкімінің орынбасары Ермек Аманшаев қалада білім алушылар орнының тапшылығы мәселесі шешігелі жатқанын айтқан еді. 

Соңғы жаңалықтар
Референдум