Астанада 10-ға жуық шағын аудан мен 6 көшенің тұрғындары сусыз қалды
Мәлім етілгендей, құбырдың жарылуы 20 қараша күні, кешкі сағат алты жарымда Жансүгіров көшесі, 2-де болды. Оның диаметрі 1 метрді құрады. Салдарынан №1, 2, 2а, 3, 4, 5, 6 сондай-ақ, Ақбұлақ-2, Оңтүстік-Шығыс (оң және сол жақ беткейлері) шағын аудандары, Абылай хан, Момышұлы даңғылдары мен Әл-Фараби, Мүсірепов, Рысқұлбеков және Жұмабаев көшелерінің тұтынушылары сусыз қалды.
Төтенше жағдайды жоюмен «Астана су-арнасы» МКК-ның 14 адамы мен 5 техникасы айналысуда.
Айта кетейік, аталған мекен-жайда, яғни Жансүгіров көшесі, 2-үйде құбыр 20 қараша күні таңертең де жарылған болатын. Ол уақытта Абылай хан даңғылы бойында орналасқан 12 үй су тапшылығын көрді. Бірақ күндіз «Астана су арнасының» қызметкерлері апатты-қалпына келтіру жұмыстарын толығымен аяқтап, барлық тұтынушыға суды қосқан болатын.