Астанада 10 келіден астам гашиш тәркіленді

АСТАНА. KAZINFORM – Елордада еліміздің оңтүстік өңірлерінен есірткі жеткізумен айналысқан күдіктілер ұсталды.

Бангкоктан жеткізілген 11 кг гашиш майы тәркіленді
Фото: Polisia,kz

Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, операция «Заң мен тәртіп» қағидатын іске асыру аясында жүргізілген.

Астана қаласының есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бөлімшесінің қызметкерлері каннабистік топқа жататын есірткі заттарын тұрақты жеткізу арнасының жолын кескен.

– Ұзақ мерзімді жедел әзірлеу нәтижесінде биылғы 26 мамырда екі ер адам бір мезетте ұсталды, – делінген Polisia.kz сайтында жарияланған хабарламада.

Күдіктілердің автокөлігі мен тұрғылықты мекенжайына жүргізілген тінту барысында Шу өңірінен жеткізілген есірткі заттары анықталған.

– Тінту кезінде 3 келі және 7 келі гашиш тәркіленді. Тәркіленген есірткінің жалпы салмағы 10 келіден асты, – деп хабарлады ведомство.

Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 297-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

Қазіргі уақытта құқық қорғау органдары есірткі тасымалдау және жеткізу схемасына қатысы болуы мүмкін өзге тұлғаларды анықтап жатыр.

Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды.

– Елімізде есірткі жеткізу арналарының жолға қойылуына бағытталған кез келген әрекеттердің жолы дереу кесілетін болады, – деп мәлімдеді Ішкі істер министрлігі.

Айта кетейік, Алматыда есірткі таратқан 6 жасөспірім ұсталды: олар 10 жылға дейін қамалуы мүмкін.