Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Астанада 10 отбасы жер телімдерін жылу жүйесін тарту үшін алуға берілген өтемақыға келіспей отыр

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанадағы 35 отбасы ЖЭС-3 жылу жүйелерінің құрылысы үшін жерлерді пайдалануға ақшалай өтемақыға келісім берді.

Астанада 10 отбасы жер телімдерін жылу жүйесін тарту үшін алуға берілген өтемақыға келіспей отыр

Астана қаласының әкімдігі белгіленген уақыт ішінде ақшалай өтемақыны жоғары көлемде төлеуге уәде берді. 35 отбасы Байзақов көшесі бойымен өтетін ЖЭС-3-тен сол жағалауға дейінгі жылу магистралінің құрылысы үшін өтемақы алу арқылы өз жер телімдерін беруге келісті, деп хабарлайды елорда әкімдігінің медиа орталығы .

«Аталған учаскеде қазіргі уақытта 45 жекеменшік иелермен жұмыс жүргізіліп жатыр. Оның 35 отбасы өтемақы алуға келісім берді. 24 маусымда мәслихаттың сессиясы өтті. Қазір адамдарды келісімшарт жасауға шақыруда, сәйкесінше, белгіленген уақыт ішінде біз ең жоғары ақшалай өтемақыны төлейміз», - деді «Городская недвижимость» МКМ директоры Александр Строчков.

Сонымен қатар, Строчков қазіргі уақытта әкімдік жекеменшік иелерімен жер участкелерін босату уақыты көрсетілген және өтемақы төлеу бойынша нотариус арқылы келісімшарт жасасуда дейді. 

Естеріңізге саламыз, Астанада 5-ші қосылым жылу магистралінің құрылысы бойынша ЖЭС-3-тен Ұлы Дала көшесіне дейін жұмыстар жүргізілуде. Барлығы бұл участкеде 15,4 шақырым жылу құбырын тарту жоспарланған.

Жобаны жүзеге асыру арқылы салынып жатқан ЖЭС-3 жылу көзінен қаланың оң және сол жағалауларының тұтынушыларын жылумен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, Тілендиев даңғылы бойындағы үйлер мен тұрғын үй кешендері орталық жылу жүйесіне қосылады.

Биыл Молдағұлова көшесіне дейін жылу магистралін жүргізу жұмыстары аяқталуы тиіс деп жоспарлануда. Келесі кезең - Молдағұловадан Бейсеков көшесіне дейін және Конституция көшесіне дейін. 

Строчков хабарлағандай, қазіргі уақытта Бейсеков көшесі бойында жер участкелерін босату және сатып алу уақытын реттеу бойынша жекеменшік иелерімен келісім жасасу жұмыстары жалғасуда.

Бұдан бөлек, кейбір тұрғындар өз участкелері үшін өтемақы көлемімен келіспей жатыр.

-Бұл участкелерді сатып алу мәселелері сот тәртібінде шешілуде. Бірақ 45 отбасының 35-і келісім бергенін айтып өтейін. Бұл дегеніміз, адамдар өтемақы алуды түсіністікпен дұрыс қабылдайды,- деп санайды Строчков. 

Строчковтың сөзінше, өтемақы көлемі тәуелсіз бағалаушылармен анықталады және жеке есептеледі.

Өткен жылы Астанада 4-ші жылу магистралінің құрылысы, жалпы көлемі 24,8 шақырым аяқталған болатын. Бұл халықаралық мамандандырылған ЭКСПО-2017 көрмесін өткізуге қатысы бар нысандарды, сондай-ақ Мыңжылдық, жаңа теміржол вокзалы мен қаланың оңтүстік-шығыс бөлігін жылумен қамтамасыз етуге мүмкіндік берді.