Астанада 700-ші локомотив шығарылды

АСТАНА. KAZINFORM – Локомотив құрастыру зауытының цехтарында металл бөлшектер заманауи локомотивтерге айналады. Журналистер Астанада жылжымалы құрамның қалай жасалып, құрастырылатынын өз көздерімен көрді. Бұл жүздеген маманның еңбегінің нәтижесі ғана емес, елордадағы машина жасау саласының дамып, өндірістік әлеуеттің артып келе жатқанын көрсететін маңызды көрсеткіш.

Астанада 100-ден астам жоба жүзеге асырылып, 8 мың жұмыс орны ашылады
Фото: Ағыбай Аяпбергенов/ Kazinform

Локомотив құрастыру зауыты Индустриялық парк №1 аумағында орналасқан. 17 жыл ішінде кәсіпорын елорданың машина жасау саласындағы негізгі өндіріс орындарының біріне айналды. Бүгінде зауыт жылына 120 локомотивке дейін шығаруға қауқарлы.

Өндірістік цехтарда 530-дан астам маман жұмыс істейді. Олар маневрлік, жолаушылар және жүк тасымалына арналған Evolution сериялы локомотивтерді құрастырады.

Астанада 100-ден астам жоба жүзеге асырылып, 8 мың жұмыс орны ашылады
Фото: Ағыбай Аяпбергенов/ Kazinform

– Осы уақыт ішінде біз 700 локомотив шығардық, оның 42-сі экспортқа жөнелтілді. Бұл біздің зауыттың ғана емес, Қазақстанның бүкіл машина жасау саласының мақтанышы, – деді «Локомотив құрастыру зауыты» АҚ әкімшілік басшысы Рауан Донсебаев.

Астанада 100-ден астам жоба жүзеге асырылып, 8 мың жұмыс орны ашылады
Фото: Ағыбай Аяпбергенов/ Kazinform12:46

Оның айтуынша, Wabtec Corporation халықаралық тобына кіретін кәсіпорынның жобалық қуаты айына шамамен 10 локомотив шығаруға есептелген.

– Біздің өндірістік қуатымыз тәжірибе жүзінде расталды. Біз бұл көрсеткішке бұған дейін де шыққанбыз. Бір локомотив жанармай құюсыз шамамен 600 шақырым жол жүре алады, ал техниканың ең жоғары жылдамдығы сағатына 120 шақырымға жетеді, – деді Рауан Донсебаев.

Астанада 100-ден астам жоба жүзеге асырылып, 8 мың жұмыс орны ашылады
Фото: Ағыбай Аяпбергенов/ Kazinform12:46
Астанада 100-ден астам жоба жүзеге асырылып, 8 мың жұмыс орны ашылады
Фото: Ағыбай Аяпбергенов/ Kazinform

Зауытта шығарылған 700-ші локомотив «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясына арналған. Келісімшарт пен жеткізу кестесіне сәйкес, оны тапсырыс берушіге осы жылдың соңына дейін тапсыру жоспарланып отыр.

Кәсіпорын өкілдерінің айтуынша, өндірісті дамытудың негізгі бағыттарының бірі – локомотивтердің техникалық сипаттамаларын жақсарту. Келесі жылдан бастап Қазақстанда өндірілетін дизель қозғалтқыштарын енгізу жоспарланып отыр. Қазір өнімнің жергілікті қамту үлесі шамамен 40 пайызды құрайды.

Астанада 100-ден астам жоба жүзеге асырылып, 8 мың жұмыс орны ашылады
Фото: Ағыбай Аяпбергенов/ Kazinform

Өндіріс бірнеше негізгі кезеңнен тұрады. Дайындау цехында кәсіпорынға жеткізілген металл прокаты кесіліп, өңделіп, кейін локомотивтерді дәнекерлеу және құрастыру кезінде пайдаланылатын бөлшектер дайындалады.

Астанада 100-ден астам жоба жүзеге асырылып, 8 мың жұмыс орны ашылады
Фото: Ағыбай Аяпбергенов/ Kazinform
Астанада 100-ден астам жоба жүзеге асырылып, 8 мың жұмыс орны ашылады
Фото: Ағыбай Аяпбергенов/ Kazinform

– Бұл цехты зауыттың жүрегі деуге болады. Мұнда металл прокаты келіп түседі. Одан кейін дәнекерлеу мен құрастыру жұмыстарына қажетті бөлшектер жасалады. Цехта заманауи жабдықтар, соның ішінде лазерлік, координаталық-тескіш және ию станоктары орнатылған. Мұндай өндірістік парк көптеген операцияны тікелей кәсіпорынның өзінде орындауға мүмкіндік береді, – деді дайындау цехының бастығы Азамат Юсупов.

Астанада 100-ден астам жоба жүзеге асырылып, 8 мың жұмыс орны ашылады
Фото: Ағыбай Аяпбергенов/ Kazinform


Цехта шамамен 50 маман еңбек етеді. Өндірістік жабдықтар Германия, Қытай және Израиль сияқты бірқатар елдерден жеткізілген.

Зауыт жұмыс істей бастағаннан бері Астанада шығарылған локомотивтер шетелдің бірқатар мемлекетіне де жеткізілді. Жалпы экспортқа 42 локомотив жөнелтілген.

Астанада 100-ден астам жоба жүзеге асырылып, 8 мың жұмыс орны ашылады
Фото: Ағыбай Аяпбергенов/ Kazinform12:46
Астанада 100-ден астам жоба жүзеге асырылып, 8 мың жұмыс орны ашылады
Фото: Ағыбай Аяпбергенов/ Kazinform

Локомотив жасау өндірісінің дамуы елорданың өнеркәсіптік өсімінің бір бөлігіне айналды. 2026 жылдың қаңтар-шілде айларында Астанада 2 трлн 256,2 млрд теңгенің өнеркәсіп өнімі өндірілді. Өнеркәсіп өндірісінің физикалық көлем индексі 111,9 пайызды құрады.

Астанада 100-ден астам жоба жүзеге асырылып, 8 мың жұмыс орны ашылады
Фото: Ағыбай Аяпбергенов/ Kazinform12:46
вагон
Фото: Ағыбай Аяпбергенов/ Kazinform12:46

Қаланың ең ірі өнеркәсіптік алаңы – «Астана – жаңа қала» арнайы экономикалық аймағының аумағында орналасқан Индустриялық парк №1.

Мұнда жалпы құны 369 млрд теңгеден асатын 145 өнеркәсіптік жоба жүзеге асырылуда. Қазіргі уақытта 103 кәсіпорын жұмыс істеп тұр, тағы 42 жоба іске асырылу кезеңінде.

Астанада 100-ден астам жоба жүзеге асырылып, 8 мың жұмыс орны ашылады
Фото: Ағыбай Аяпбергенов/ Kazinform12:46
Астанада 100-ден астам жоба жүзеге асырылып, 8 мың жұмыс орны ашылады
Фото: Ағыбай Аяпбергенов/ Kazinform12:46

– «Локомотив құрастыру зауыты» АҚ-да 700-ші локомотивтің шығарылуы – жекелеген кәсіпорын жұмысының елеулі нәтижесі ғана емес, сонымен қатар Астананың өнеркәсіптік дамуының, технологиялық әлеуетінің және елорданың экспорттық мүмкіндіктерінің нығайып келе жатқанының көрсеткіші, – деді «Astana Invest» қалалық инвестицияларды дамыту орталығының индустриялық аймақтарды әкімшілендіру департаментінің директоры Алмат Әлімбай. 

вагон
Фото: Ағыбай Аяпбергенов/ Kazinform

Арнайы экономикалық аймақ аумағында орналасқан кәсіпорындарда 7 мыңнан астам тұрақты жұмыс орны құрылған. Жаңа жобалар аясында тағы шамамен 2,5 мың жұмыс орнын ашу жоспарланып отыр.

Елордада Индустриялық парк №2 жобасы да жүзеге асырылуда. 2029 жылға дейін мұнда жалпы құны шамамен 500 млрд теңге болатын 100-ден астам жобаны орналастыру жоспарланған. Нәтижесінде 8 мыңға жуық жаңа жұмыс орны ашылады деп күтілуде.

вагон
Фото: Ағыбай Аяпбергенов/ Kazinform12:46

Еске салсақ Мемлекет басшысының Нью-Йорк қаласына ресми сапары аясында АҚШ Сауда министрі Говард Латниктің қатысуымен америкалық Wabtec компаниясымен жалпы сомасы 4,2 миллиард доллар болатын келісімге қол қою рәсімі өткен еді

Айта кетейік, Қазақстанда вагон жасау саласында өнеркәсіптік кластер құрылатынын жазған едік.