Астанада 100 мың Жеңіс лентасы таратылады

АСТАНА. ҚазАқпарат - 6 мамырда қалалық алаңда Астана қаласы әкімдігінің бастамасымен «Жеңіс лентасы» акциясы басталды, шара Жеңістің 72 жылдығын мерекелеуге арналды.
None
None

Қала әкімдігінің ақпараты бойынша, 6 мамырда елордада 20 000 лента таратылды. 7 мамырдағы мәліметке сәйкес, акцияға тағы 15 000 адам қосылды. Үш күн ішінде барлығы 100 мың лента тарату жоспарланған.

«Мамырдың 6-сынан 9-ына дейін қаланың бес нүктесінде ленталарды тегін тарату ұйымдастырылады. Шараның басты мақсаты - өскелең ұрпақты отансүйгіштікке тәрбиелеу, дейді қалалық  Ішкі саясат басқармасының басшысы Ерлан Қанәлімов. - Отан үшін отқа түскен ата-бабаларымыздың жауынгерлік ерлігін құрметтеу. Осынау Жеңіс күніне жеткізген аталарымызға, әкелерімізге, аналарымызға тағзым етеміз».

Ленталар 6-9 мамыр аралығында 10:30-дан 18:30-ға дейін «Бәйтерек» монументінің алдындағы алаңда, «Хан Шатыр» СОСо маңында, қалалық алаңда, Студенттер бағында, «MegaSilkWay» сауда орталығында таратылады.
 

Соңғы жаңалықтар