Астанада 12 жасар қызды қағып кеткен көлік жүргізушісі ұсталды

None
None
АСТАНА. Мамырдың 14-і. ҚазАқпарат /Арман Асқаров/ - Жол полициясының шұғыл тобының мамандары атқарған жұмыстың нәтижесінде Астанада 12 жасар қызды қағып, оқиға орнынан қашып кеткен көлік жүргізушісі бір күннен кейін ұсталды.
Бұл туралы бүгін Астана қалалық Жол полициясы басқармасының шұғыл топ командирінің орынбасары Нұрлан Нұрғалиев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.Оның айтуынша, мамырдың 7-сі күні Кенесары көшесіндегі № 31 орта мектептің аумағында орын алған бұл оқиғаның нәтижесінде 12 жасар Е.Хамзина ауыр жарақаттармен қалалық емханаға жеткізілді. Сол күні оқиға орнынан қашып кеткен көлік жүргізушісін жедел іздестіру шаралары басталды. Бір күннен кейін, мамырдың 8-і күні Ауди-80 маркалы мәшиненің осы қылмысқа қатысты екендігі анықталды. Оның жүргізушісі ? ешбір жерде жұмыс істемейтін 1989 жылы туған Астана қаласының тұрғыны болып шықты. Бүгінде ол өз қылмысын толығымен мойындады, оған қаладан шығуға тыйым салынды.
Соңғы жаңалықтар
telegram