Астанада 15 мыңнан астам түлек ҰБТ тапсырды

АСТАНА. KAZINFORM — 10 қаңтар мен 10 ақпан аралығында қаңтар айындағы Ұлттық бірыңғай тестілеу өтті. Бұл туралы Ұлттық тестілеу орталығы директорының орынбасары Наужан Дидарбекова айтты. 

Астанада 15 мыңнан астам түлек ҰБТ тапсырды
Фото: Ғылым және жоғары білім министрлігі

Спикердің айтуынша, Астана қаласында 2026 жылғы қаңтар айында ҰБТ-ны 15,2 мыңға жуық талапкер тапсырды. Талапкерлердің 75%-ы шекті балл жинады. Бес пән бойынша орташа балл 66 болды. Ең жоғары нәтиже — 138 балл. Сонымен қатар ерекше білім беру қажеттіліктері бар талапкерлер үшін қолайлы жағдай жасалып, Астана қаласы бойынша ҰБТ-ға 46 адам қатысты деп атап өтті.

Сондай-ақ тестілеу барысында 37 ереже бұзу анықталды, олардың нәтижелері жойылған.

— 2026 жылғы ҰБТ аяқталғаннан кейін күнтізбелік жылдың 31 қазанына дейін бейнежазбаларға талдау жүргізіледі. Тыйым салынған заттарды пайдалану немесе тестілеу ережелерін бұзу фактілері анықталған жағдайда талапкерлердің нәтижелері жойылады, — деді спикер.

Брифинг барысында ведомство өкілі наурыз айындағы ҰБТ-ға қатысу үшін өтініш қабылдау 15-25 ақпан аралығында аяқталды. Республика бойынша 182 мыңнан астам талапкер ниет білдірді.

Тестілеу 1 наурыз бен 6 сәуір аралығында өтеді деп толықтырды. 

Айта кетейік мамырдан кейін ҰБТ-да бейіндік пәндерді өзгертуге болмайды.

Соңғы жаңалықтар
Референдум