01:45, 16 Қыркүйек 2017 | GMT +5
Астанада 16 қыркүйекте кейбір көшелерде қозғалыс шектеледі
АСТАНА. ҚазАқпарат - Елордада 16 қыркүйек күнгі 21-00-ден 17 қыркүйек күнгі 21-00-ге дейін Есенберлин көшесінің Жеңіс даңғылынан Бейсеков көшесіне дейінгі аумағында көлік қозғалысына толық шектеу қойылады, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі.
![None None](/static/img/plug.webp)
Астана қаласының Ішкі істер департаментінің мəліметінше, асфальтбетон жабындысын салу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты көлік қозғалысына шектеу қойылады.
Сонымен қатар Сарайшық көшесі бойынша жөндеу жұмыстарына байланысты (көлік көпірі М-1) 18-28 қыркүйек жол жартылай жабылады.
Елорда тұрғындары мен қонақтарына қала жолдарында кептеліске тап болмас үшін өз бағыттарын алдын ала жоспарлап алуға кеңес береді.