Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Астанада 1,7 млн шаршы метрден астам тұрғын үй сүріледі

АСТАНА. KAZINFORM — Елорданы одан әрі дамыту мақсатында қаладағы 1,7 млн шаршы метр қолданыстағы тұрғын үй қорын сүріп тастау жоспарланып отыр. Оның басым бөлігі жеке секторға тиесілі.

құрылыс
Фото: Маңғыстау өңірлік коммуникация орталығы

Астана аумағын дамытудың 2035 жылға дейінгі жаңартылған бас жоспарға сәйкес, ескірген және апатты жағдайдағы тұрғын үйлермен қатар, саяжайлар, гараждар және аз қабатты құрылыс нысандары орналасқан аумақтар да босатылмақ. 

Сонымен қатар 2035 жылға дейін жалпы көлемі 1,713 млн шаршы метр тұрғын үй қорын сүріп тастау көзделген. Бас жоспарды іске асырудың бірінші кезеңінде, яғни 2030 жылға дейін 484 мың шаршы метр тұрғын үйді бұзу жоспарланып отыр. Сүрілетін тұрғын үйлердің басым бөлігі — 95%-ы жеке тұрғын үйлер болады.

Жалпы болжам бойынша, 2035 жылға қарай қаланың құрылыс салынған аумағы айтарлықтай ұлғаяды. Қазіргі уақытта ғимараттар мен құрылыстар қала аумағының 14,2%-ын алып жатыр. Ал бас жоспарға сәйкес, бұл көрсеткіш 37%-ға дейін өседі.

Айта кетейік, апатты тұрғын үйлерді реновациялауға жаңа кепілдік тетігі енгізілді.

Сонымен қатар Алматыда көппәтерлі тұрғын үйді басқаратын компания төңірегінде дау шықты.

Оған қоса, Астанада 10-нан астам көпқабатты тұрғын үй орталық жылу жүйесіне қосылмаған.