Астанада 4 мың адам қазақтың «Қаражорға» ұлттық биін орындады

АСТАНА. Қыркүйектің 21-і. ҚазАқпарат /Жасұлан Аманбайұлы/ - Бүгін, қыркүйектің 21-і күні Қазақ гуманитарлық заң университетінің Фемида алаңында тұңғыш рет ұлттық патриоттық «Қаражорғаны бірге билейік!» акциясы өткізілді.
None
None

Акция барысында ҚазГЗУ студенттері мен ұстаздары, саны 4 мыңнан асатын адам фемида алаңында бір мезгілде қазақтың биі - «Қаражорғаны» биледі. Университеттің бұл бастамасын қаладағы Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің студенттері мен оқытушылары да қолдап, түстен кейін дәл осындай шараны ұйымдастыруға дайындалуда.

ҚазГЗУ-нің президенті Мақсұт Нәрікбаевтің айтуынша, акция «Қаражорға» биі арқылы халықтың ұлттық сезімін, жастардың патриоттық сезімдерін ояту және «Қаражорға» биін дәріптеу үшін жасалып отыр.

«Қаражорға биінің әуені, билеген кездегі іс-әрекет қимылдары халыққа қонымды. Биде қазақ ұлтының рухын оятатын, қуат беретін әуенді күш бар», деді М.Нәрікбаев.

Университет прехзиденті келешекте бұл акцияны университеттердің көлемінде шектелмей, Астанадағы «Бәйтерек» монументі алдында 200 мыңға тарта адамды жинап «Қаражорғаны» билеп шығуды ұсынатындықтарын жеткізді.

Соңғы жаңалықтар