17:23, 01 Сәуір 2016 | GMT +5
Астанада 4 мыңнан астам жұмыс орны ашылды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана қаласында 2016 жылдың 1 сәуірдегі жағдай бойынша 4 849 жаңа жұмыс орны ашылды, деп хабарлады astana.gov.kz.

Оның ішінде 349-ы - өнеркәсіп, 1 103-і - сауда, авто және мотоциклдерді жөндеу, 238-і - көлік және қойма, 771-і - білім және денсаулық сақтау, 660-ы - құрылыс болса, қалған 1 728-і - экономикалық қызметтің басқа түрлеріне жатады.
Жыл басынан бері Астана қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту орталығы 1478 адамды жұмысқа орналастырған. Сондай-ақ, жастар тәжірибесінен өтуге 218 түлек жіберілсе, 39 адам әлеуметтік жұмыс орындарына орналастырылды.