17:54, 22 Сәуір 2011 | GMT +5
Астанада 5-10 сынып оқушылары арасында «Тарих ата» VI республикалық қашықтық олимпиадасы өтіп жатыр
АСТАНА. 22 сәуір. ҚазАқпарат - Астанада 5-10 сынып оқушылары арасында «Тарих ата» VI республикалық қашықтық олимпиадасы өтіп жатыр.

Ұйымдастырушылар - «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы және Л.Гумилев атындағы ЕҰУ-дың әлеуметтік ғылымдар кафедрасы.
Олимпиада екі кезеңмен өткізіледі. Оның біріншісінде оқушылар өз үйлерінде отырып интернет арқылы тестілік тапсырмаларға жауап берді. «Дарын» орталығы директорының орынбасары Шолпан Қирабаеваның айтуынша, бірінші кезеңге 1500-ге жуық бала қатысты. Бірінші кезеңнен үздік өткен 68 бала Астанада басталған «Тарих ата» VI республикалық олимпиаданың екінші кезеңіне қатысуға мүмкіндік алды.
Л.Гумилев атындағы ЕҰУ олимпиадаға ғылыми жетекшілік етеді.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлер «Дарын» РҒПО-ның дипломдарымен және грамоталарымен марапатталатын болады.