Астанада 68 жетім баланы асырап алды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана қаласы Білім басқармасының хабарлауынша, бүгінгі таңда 1054 қараусыз қалған және жетім бала бар, деп хабарлады қалалық әкімдіктің баспасөз қызметінен.
None
None

2015 жылдың бірінші жартыжылдығында жетім балаларға арналған білім мекемелерінен 68 бала отбасыларға асырауға берілген. Қазіргі уақытта Астана қаласының әкімдігі бекіткен Жетім және қараусыз қалған балаларға қолдау көрсетудің 2015-2017 жылдарға арналған кешенді жоспары әзірленді. Кешенді жоспар аясында қалалық Тұрғын үй басқармасы үстіміздегі жылдың маусым айында мемлекеттік тұрғын үй қорынан 67 жетім балаға пәтер берді. Олардың ішінде 37 бала жетімдер үйлерінің түлектері. Бүгінгі таңда Тұрғын үй басқармасында 2594 бала пәтер алуға кезекте тұр. Жалпы, 2010-2015 жылдар аралығында 188 жетім бала мемлекеттік тұрғын үй қорынан кезекке сай баспаналы болды.

Соңғы жаңалықтар