Астанада 7-сынып оқушысы балконға ілініп тұрған бес жасар баланы құтқарды

АСТАНА. KAZINFORM — Елордалық тұрғын үй кешендерінің бірінде № 31 мектеп-гимназияның 7Д сынып оқушысы Ақан Әкімжанов қайғылы жағдайдың алдын алды. Бұл жайында қала әкімдігінен хабарланды. 

оқушы
Фото: видеодан алынған кадр

20 мамыр күні Ақан аулада ойнап жүргенде 4-ші қабатта балконда ілулі тұрған баланы байқап қалған.

Ол уақыт оздырмай бірден қимылдап, жүгіріп барып балконда ілініп тұрған 5 жасар баланы құтқарып қалды.

Ақан Әкімжанов көпбалалы отбасынан шыққан.

Ол өзінің осынау әрекетін кішкентай баланы көргенде ойланбастан жасағанын әрі өзінің де іні-қарындастарының бар екенін айтады. 

Соңғы жаңалықтар