Астанада 9,9 млрд. теңгенің нысаны заңдастырылды

Департаменттің мәліметінше, 2015 жылғы 28 мамырда ел аумағында орналасқан мүлікті заңдастыру бойынша қалалық жергілікті атқарушы органдар жанындағы комиссияларға жалпы сомасы 39 777 774,2 теңгені құрайтын 2 232 мүлікті заңдастыру бойынша өтініш келіп түскен: 21 337 054 теңгені құрайтын 2 839 тұрғын үй нысаны; 17 982 771,2 теңге сомасындағы 3 202 тұрғын емес үй, соның ішінде, 13 067 346 теңге сомасындағы 380 коммерциялық нысан; 457 949 теңге сомасындағы 5 заңды тұлғаға қатысу үлесі. Жалпы құны 9 885 677 теңгені құрайтын 2 027 нысан заңдастырылды.
Бүгінгі күні Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер органдарына Қазақстан аумағынан тыс жердегі мүлікті заңдастыру жөнінде өтініш келіп түспеген.
Еске сала кетейік, мүлікті заңдастыруға құжат тапсыру (ақшадан бөлек) 2015 жылғы 30 қарашаға дейін жалғасады.