Астанада 9 айда 6 мыңға жуық көші-қон заңнамасын бұзу оқиғасы тіркелді

АСТАНА. 4 қазан. ҚазАқпарат - Астана қаласының ІІД үстіміздегі жылдың 9 айында 5700 астам көші-қон заңнамасын бұзу оқиғасын анықтады, 182 шетел азаматы елден аластатылды. Аталған фактілер бойынша 68 млн теңгеден астам сомаға әкімшілік айыппұл салынды, деп хабарлайды Astana kz.
None
None

ІІД-нің көші-қон жағдайын талдау көрсеткендей, бұл салада тәртіп бұзушылыққа көбіне құрылыс нысандарында жұмыс істейтін шетел азаматтары жол береді.

«Кейбір құрылыс компаниялары ресми рұқсат етілген қызметпен қоса, жұмысқа заңсыз шетелдік жұмыс күшін тартады. Есептік кезеңде қала аумағында заңсыз жұмыс істеген 1,5 мың шетелдік анықталды. Аталған фактілер бойынша 130 адам елден шығарылды, 53 жұмыс берушіге әкімшілік айыппұл салынды»,- делінген ақпаратта.

Бақылаусыз көші-қон шетелдіктердің әкімшілік тәртіп бұзушылықтар мен қылмыстар жасауына әкеп соғады. Кейде олардың өздері де қылмыс объектісіне айналады. Биыл шетелдік азаматтар 3,5 мыңнан астам әкімшілік құқықбұзушылық пен 78 қылмыс жасаған.

Айта кетейік, үстіміздегі жылы қаңтар-қыркүйек айларында Астанаға 70 мыңға жуық шетелдік келсе, соның ішінде 14 мыңға жуығы қиыр шетелдердің өкілдері.

Соңғы жаңалықтар