Астанада 9 денсаулық сақтау нысанын салу қарастырылып отыр - әкімнің есебі

АСТАНА. Желтоқсанның 3-і. ҚазАқпарат /Гүлмира Әлиакпарова/ - «100 мектеп, 100 аурухана» бағдарламасы шеңберінде Астана қаласында 9 денсаулық сақтау нысанын салу қарастырылып отыр. Бұл туралы бүгін елорда басшысы Иманғали Тасмағамбетов айтты,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

 И.Тасмағамбетов желтоқсанның 3-і күні «Нұр Отан» ХДП қалалық филиалында болып, партияныңХалықтық тұғырнамасының, «Жол картасы» мен «100 мектеп, 100 аурухана» бағдарламаларының орындалу барысы туралы есеп берді.  

 «Елордада медициналық кластерді құру мәселесіне Елбасы жіті назар аударып отырғандықтан, қалада бұл саланың жағдайы айтарлықтай жақсы. Бағдарламаның жүзеге асырылуына тоқталсам, қалада 9 денсаулық сақтау нысанының құрылысы қарастырылып отыр. Олардың ішінде биыл Қан орталығын пайдалануға қостық, ал жыл соңына дейін тағы екі нысанды - ауысымына 250 адамды қабылдауға арналған әйелдер консультациясы бар 150 төсек орынға арналған перзентхананы және 500 орынға арналған көпсалалы стационарды іске қосуды көздеп отырмыз», - деді ол.

 Әкімнің айтуынша, қалған 6 нысанда күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде: олар - ауысымына 500 адамды қабылдауға арналған және 100 жатын орны бар амбулаторлық-емханалық кешен; ауысымына 250 адамды қабылдауға лайықталған консультациялық-диагностикалық емханасы бар 350 стационарлық орынға арналған көпсалалы қалалық балалар ауруханасы; 250 жатын орны бар балалар жұқпалы ауруларының қалалық ауруханасы; 500 орындық көпсалалы стационар және ауысымына 150 адамды қабылдауға мүмкіндік беретін емханасы бар 250 жатын орынға лайықталған медициналық-әлеуметтік оңалту орталығы.

 «Денсаулық сақтау саласында емханалық буындар түйіткілді күйінде қалып отыр. Амбулаторлық-емханалардың жалпы қуаты 370 мың адамға есептелген және олар ауысымына 6155 адамды қабылдай алады. Олардың барлығына дерлік жұмыс 1,8 есеге артығымен артылып отыр. Қуаттардың тапшылығы ауысымына 4855 қабылдауды құрап отыр», - деп атап өтті И.Тасмағамбетов.

Соңғы жаңалықтар