22:15, 05 Желтоқсан 2012 | GMT +5
Астанада 93 107 шағын кәсіпкерлік субъектісі тіркелген
АСТАНА. 5 желтоқсан. ҚазАқпарат - Астанада 2012 жылғы 1 қарашадағы мәлімет бойынша 93 107 шағын кәсіпкерлік субъектісі тіркелген. Өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда өсім 7%-ды құрайды. Олардың -31 901-і заңды тұлға болса, бұл көрсеткіш - 18%-ға, жеке кәсіпкерлік - 61206, ол - 2%-ға артқан, деп хабарлайды елорданың ресми сайты қалалық Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасына сілтеме жасап.

Астана қаласы Салық департаментінің 2012 жылғы 1 қарашадағы мәліметіне сәйкес, қазір жұмыс істеп тұрған шағын кәсіпкерлік кәсіпорындарының саны 58 712-ні құрайды. Бұл 2011 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 9% азайған. Заңды тұлға - 20 023 ( 8,9% азайған), ал жеке кәсіпкерлер саны 38 689-ды құрайды. Бұл 2011 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 10,6% аз.