Астанада адвокаттар алқасының кеңсесі ашылды

АСТАНА. KAZINFORM — Елордада республикалық адвокаттар алқасының жаңа кеңсесінің ашылды. Бұл туралы Әділет министрлігі хабарлады.

Астанада адвокаттар алқасының кеңсесі ашылды
Фото: Әділет министрлігі

Салтанатты шараға Әділет вице-министрі Ботагөз Жақселекова адвокаттар алқасының төрағалары мен заңгерлік қоғамдастық өкілдері қатысты. 

Астанада адвокаттар алқасының кеңсесі ашылды
Фото: Әділет министрлігі

Вице-министр заңгерлер қауымын құттықтап, бұл шара қазақстандық адвокатураның дамуының айғағы және азаматтардың құқығы мен бостандығын қорғау институтын нығайтуға қосылған елеулі үлес екенін атап өтті.

Аталған кеңсе елорданың сол жағалаудағы Ә. Бөкейхан көшесінде орналасқан. 

Астанада адвокаттар алқасының кеңсесі ашылды
Фото: Әділет министрлігі

Айта кетсек, бүгінде елімізде 6 500 адвокатқа сұраныс бар

Еске салайық, Қазақстанда адвокаттардың кәсіби формасы, яғни мантия бекітілді. 

Жыл басында елімізде адвокаттардың қызметі қанша тұратыны туралы шолу жасаған едік. 

Соңғы жаңалықтар