Астанада Ақмешіт пен Алматы көшелерінің қиылысы жабылады
АСТАНА. KAZINFORM — Ақмешіт және Алматы көшелерінің қиылысында «Астана қаласының Есіл ауданындағы Алматы көшесі бойымен көлік туннелін салу жобасы аясында құрылыс-монтаж жұмысы жүргізіледі. Бұл туралы Астана қаласының әкімдігі мәлім етті.
Осыған байланысты 19 қыркүйек күні сағат 21:00–ден бастап аталған қиылыста көлік қозғалысы толықтай шектеледі.
Қозғалысты шектеу жыл соңына дейін жалғасады деп жоспарланып отыр.
— Бұл ретте көлік қозғалысы жолдың бір жағымен екі бағытта ұйымдастырылады. Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілер жүру бағытын алдын ала жоспарлап, ықтимал өзгерістерді ескеруі қажет, — деп ескертті әкімдіктен.
Айта кетейік, Астанада биыл 50 көшеде жол жөндеу жұмыстары жүргізіледі.