Астанада Ақмола бекінісін алысқан Бұқарбай батырдың атына көше берілді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астананың бір көшесі енді Бұқарбай Естекбайұлының атымен аталады. Бүгін осыған орай ұйымдастырылған салтанатты шараға зиялы қауым өкілдері мен батырдың ұрпақтары қатысты, деп хабарлады 24.kz.
None
None

Арнайы ұйымдастырылған көрме барысында жұртшылық назарына тарихи тұлғаның суреттері мен қару-жарақтары ұсынылды. Бұқарбай Естекбайұлының қазақ тарихындағы рөлі ерекше. Ол - Кенесары көтерілісіне алғашқылардың бірі болып қатысқан батыр. 1838 жылы тамызда Ақмола бекінісін алу үшін шайқасқан. Ал 1850 жылы Бұқарбайдың жасағы Қазалы, Арал, Қосқорған бекіністеріне шабуыл жасап, казактар мен қоқандықтарды жеңеді.

Айта кетейік, батырдың есімімен аталатын көшелер Қызылорда қаласы мен Жалағаш ауданында да бар.

«Бұл кісінің ерлігі мен жан аямай күрескені үшін оны қалай құрметтесе де жарасады. Ақмола қамалын босатуға қатысты. Осыны тарихшылар зерттеп, осы кісінің атын мәңгілікке қалдырайық деген идея халықтан туған», - дейді зейнеткер Біржан Көштаев.

Соңғы жаңалықтар